Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аустрияның Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясы өтіп жатыр. Жаһандық климаттың өзгеруі - біздің заманымыздың ең маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл ауа-райының жиі және қатал құбылыстары мен апаттарына әкеліп соғуда.
Аталған конференция аясында қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін климаттың өзгеруінің салдары, сондай-ақ климат саласындағы іс-қимылдар үшін шиеленістер мен қақтығыстардың салдары талқыланды.
Халықаралық іс-шараға министрлер, климат жөніндегі елшілер және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің және ынтымақтастық жөніндегі әріптестердің жоғары деңгейдегі басқа да саяси қайраткерлері, сондай-ақ, халықаралық азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, Климаттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар мен практиктер қатысып, өзара пікір алмасуда.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?