Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары16-17 шілде күндері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында ШЫҰ елдерінің екінші телевизиялық фестивалі басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ашылу салтанатына ШЫҰ-ға мүше 19 мемлекет, бақылаушы елдер мен диалогтық серіктестер, 300-ге жуық маман, сарапшы және дипломат қатысты. Оның ішінде мәдениет және ақпарат вице‑министрі Қанат Ысқақов та болды.
Іс-шара барысында Қанат Ысқақов Шанхай ынтымақтастық ұйымының сенімге, теңдікке, өзара құрметке және мәдени әралуандылыққа негізделген маңызды халықаралық платформа екенін атап өтті.
Сонымен қатар, фестиваль аясында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік радио және теледидар басқармасының орынбасары Донг Синмен кездесу өтті, - делінген мәліметте.
Кездесуде екі ел арасындағы медиа саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде 2025 жылғы фестивальге арналған бірлескен декларация қабылданып, бекітілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар