6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында ересектер арасында грек-рим және еркін күрестен республикалық чемпионат өтуде. Жарыста әскери балуандар 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәдіметінше, спорттық додаға еліміздің жиырма өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша Орталық спорт клубының спортшылары үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Қарулы күштердің қызметшілері Әлімхан Сыздықов 130 келіге дейінгі, Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі және ефрейтор Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Күміс жүлде Қарулы күштердің қызметшісі Мақсат Сайлауға бұйырды.
Мерзімді қызмет сарбазы Есбол Камалиев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Қарулы күштердің қызметшілері Ислам Умаев 97 келіге дейінгі және Диас Кален 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.
Демалыс күндері еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады.
Оқи отырыңыз:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі