Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБұл күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға 26 елдің делегаттары, соның ішінде Қазақстанның белсенді жастары мен волонтерлері қатысуда.
Халықаралық фестиваль мәдени алмасуды дамытуға, Наурыз мейрамын жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған. Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелері қарастырылып, жастар саясатының негізгі міндеттері талқыланды, - делінген мәліметте.
Фестивальдің әр күні Тәжікстанның түрлі қалаларында өтеді. Іс-шара Душанбе, Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларында ұйымдастырылады. Бағдарламада білім беру және пікірталас алаңдары, стартап зертханалары, спорттық жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шаралар бар.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар