Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+» аутрич форматындағы жиынында сөйлеген сөзінде БРИКС кеңістігінде Қазақстан тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпаратт агенттігі.
Президент өз сөзінде еліміз сауда және инвестициялар, IT технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру және туризм сияқты негізгі секторларда өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге тырысатынын атап өтті.
Қазақстан БРИКС кеңістігінде транзиттік-көліктік өзара іс-қимылды нығайту үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын. Біздің еліміз «Бір белдеу – бір жол» бастамасын, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға және Азия мен Еуропаны Қазақстан арқылы Каспий теңізі арқылы жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен ұштастыруға ерекше мән береді, – деді қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін БРИКС + шеңберінде сенімді әріптестік қатынастарды қалыптастыруға ұмтылмақ. Айта кетейік, саммитке 36 елдің өкілдері және 6 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысты, сондай-ақ жоғары деңгейдегі 20-ға жуық делегация келген.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар