22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлдегі күріш қоры ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде биыл 99,8 мың гектар күріш егілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,4 мың гектарға артық болып отыр. Өңірлердің бөлінісінде ең үлкен алқап Қызылорда облысында – 88,1 мың га, қалған облыстарда егістіктер келесідей бөлінді: Алматы облысында 7 мың га, Жетісуда 1 мың га, Түркістан облысында 3,7 мың гектарды құрады.
Жоспарланып отырған егінді жинау қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады, сондай-ақ экспортқа қажетті көлемді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, күріш жармасының қоры 60,4 мың тоннаны құрайды. Бұл қыркүйекте жаңа егін жиналғанға дейін ішкі тұтыну қажеттерін жабу үшін жеткілікті, - деді АШ министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, биыл күрішті 2022 жылмен салыстырғанда көбірек жинау жоспарланған. Тиісінше, жарманың тапшылығына байланысты бағаны өсіруге объективті себептер жоқ. Алайда, бағаның өсуіне сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін екені айтылуда.
Маусым айында Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізілді. Оның қорытындысы бойынша әкімдіктер мен ӘКК белгіленген бағамен 6,7 мың тонна күріш жеткізуге келісім-шарттар жасады. Бұл көлем еліміздің барлық өңірлеріндегі ірі сауда желілері, әлеуметтік дүкендер және ӘКК-нің меншікті нүктелері арқылы сатылатын болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев