28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – Халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Федерацияға мүше болу ерекше қазақстандық спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Енді отандық федерацияның өкілдері бочча бойынша челленджерлер, әлем чемпионаттары, Паралимпиада ойындары, Азия паралимпиада ойындары сияқты халықаралық жарыстарға қатыса алады.
2023 жылы Қазақстан бочча федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының 8 мүшесіне үш халықаралық жарысқа, нақты айтқанда, екі халықаралық челленджерге және Азия паралимпиада ойындарына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Азия Паралимпиадасы 2023 жылдың қазан айында Қытайда, ал Паралимпиада 2024 жылы Парижде өтеді.
«Бұл – инклюзивті спорт түрлерінің дамуына мүдделі кез келген адам үшін үлкен жеңіс. Осылайша, мүгедектігі бар спортшыларға жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Біздің жарыстарымызға көбіне ерекше балалар қатысады. Енді олардың алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болды. Сондай-ақ жас спортшылар үшін бұл ортаға бейімделуге, дос табуға және жаңа тәжірибе алуға зор септігін тигізеді. Халықаралық федерацияға мүше болу біздің ерекше спортшыларымыздың деңгейі мен еңбегінің әлемдік деңгейде мойындалуы екені сөзсіз», деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы және Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, биыл маусым айында Қазақстан бочча федерациясы боччадан Қазақстан чемпионатын өткізеді. Соның нәтижесін бойынша Қазақстан құрамасы жасақталады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?