23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіCNN Travel биыл саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан да енді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына кірген. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.
CNN Travel атап өткендей, Алматы — дәмі тіл үйіретін тағамдардан бастап, түнгі өмір, заманауи өнер мен мәдениеті өркендеп келе жатқан әлемдегі сирек қалалардың бірі. Сонымен қатар Тянь-Шань тауларының етегінде орналасуы саяхатшыларға табиғаттың таза сұлулығына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қаланың басты көрікті жерлеріне метрополитен станциялары, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшетін «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жатады. Сондай-ақ Алматы Neo Nomad асханасының отаны болып саналады. CNN Travel Медеу аңғарындағы AUYL мейрамханасын ерекше ұсынып, гастрономиялық саяхатты дәл осы жерден бастауға кеңес береді.
Редакторлар Алматыға жету бұрынғыдан да оңай бола түскенін атап өткен. Қала Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстерімен байланысады. Сонымен қатар Қазақстан көптеген ел, соның ішінде АҚШ, Канада, Аустралия және Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим ұсынады.
Алматы өзінің бірегей мәдениеті, табиғи байлығы және заманауи ерекшеліктерімен Орталық Азияның жетекші туристік орталығы мәртебесін нығайта түсуде.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады