7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?23-24 қыркүйек күндері Қытай астанасы Бейжіңде «Мәдениет пен технологияның кешенді дамуы» тақырыбында Бейжің мәдениет форумы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара аясында пленарлық отырыс, алты параллель форум және 20-дан астам тақырыптық сессия мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар мәдени мұраны цифрландыру, ғылым мен технологияның мәдени креативтілікке қосатын үлесі, аудиовизуалды индустрияны интеграциялау, жаңа технологиялар арқылы қоғамдық мәдениеттің сапасын арттыру, желілік мәдениетті инновациялық дамыту және өркениеттік алуан түрлілікті сақтау мәселелерін талқылады.
Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али қатысып, кітапхана жүйесіне жасанды интеллект енгізу жөніндегі ұлттық стратегия туралы баяндама жасады. Ұзақ мерзімге бағытталған баяндама шетелдік мамандар тарапынан жоғары бағаланды.
Сессияны Қытай ұлттық кітапханасы директорының орынбасары жүргізді. Жаңа Зеландия, Пекин университеті, Шанхай, Сингапур және басқа өңірлерден келген жетекші мамандар заманауи технологиялар мен мәдениет саласының тоғысындағы мүмкіндіктерді саралады.
Форум «Жасанды интеллект жағдайында кітапханалардың мүмкіндіктері мен сын-қатерлері» атты арнайы сессиямен қорытындыланды. Жиынға әлемнің жетекші кітапхана директорлары, белгілі ғалымдар мен технология саласының жаңашыл мамандары қатысып, жасанды интеллекттің қоғамдық мәдени мекемелерге тигізетін ықпалы мен болашағын талқылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?