6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер"Қазақстан барысы" республикалық турнирінің финалдық сынында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған сынның жартылай финалында Нұрдәулет Жарылғапов павлодарлық Мұхтар Дәлелханұлын кездесу аяқталуға 27 секунд қалғанда алып соқты. Ширек финалда ол Жетісу облысының балуаны Руслан Әбдіразақовты айқын басымдықпен ұтты.
Енді ол финалда Қостанай және Жамбыл облысы балуандарының жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.
"Қазақстан барысы" турниріне биыл 41 балуан қатысқан болатын. Аталған сында былтырғы чемпион Мақсат Исағабылов іріктеу кезеңдерінде ұтылып қалды. Ал Н.Жарылғапов осымен екінші жыл қатарынан финалға шығып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі