28.04.2026
18:20
205

Qazaqstan Barysy Grand Slam: ел намысын кімдер қорғайды?

Дзюдодан  8-10 мамыр күндері Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құраманың алдын ала тізімі жарияланды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры. Спорт жанкүйерлері жарысты тегін тамашалайды. Федерацияның хабарлауынша, алда спортшылар тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

Ерлер

-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев

-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин

-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов

-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев

-100 кг: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов

+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

 

Әйелдер:

-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли

-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева

-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет

-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова

-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева

+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

Айта кетерлігі, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, биыл әлемдік Grand Slam жарысы елімізде соңғы – төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай беріледі. 

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.