6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталып, спортшылар алғашқы жекпе-жектерін өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, 60 келі салмақта татамиге шыққан екі балуанымыз жеңіліс тапты.
Шерзод Давлатов бірінші айналымда моңғолиялық Нямсуреенге жол берсе, Дәурен Сүйеукенов әзербайжандық Ахмад Юсифовтен ұтылған.
Бұл салмақта тағы екі балуанымыз ел намысын қорғап жатыр. Олар - Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин.
Ал 66 келідегі Жанарыс Рахметқали келесі кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар Елдос Сметов те турнирді сәтті бастады. Қазақстандық балуан алғашқы айналымда португалиялық Родриго Коста Лопеспен кездесіп, «иппон» әдісімен ұтты. Оның келесі қарсыласы Марокко мен Вьетнам балуандары арасындағы тартыстың жеңімпазы болмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі