6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСалмақ өлшеу қорытындысы бойынша ең ауыр палуан атағы Маңғыстау облысының өкілі Нұрдәулет Жарылғаповқа бұйырды. Лақап аты – «Қара бура». 30 жастағы спортшының салмағы 167 келі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жасы ең үлкен қатысушы – Абай облысынан келген Саят Шамшиев. Лақап аты – «Болатшы». 37 жастағы палуанның салмағы 118 келі.
Биылғы турнирдің ең жас балуаны – Ақтөбе облысының намысын қорғайтын Әмірбек Рахимов. 20 жастағы спортшының лақап аты – «Жас барыс». Салмағы 105 келі.
Ал ең жеңіл салмақтағы балуан – Абай облысының өкілі Ерсін Сейітқазынов. Лақап аты – «Алакөл қыраны». Салмағы небәрі 91 келі. Ерсін – Әлем және Азия чемпионы, Қазақстан кубогының жеңімпазы.
18 қазан күні сағат 13:00-де Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін финал нағыз ұлттық спорт мерекесіне айналмақ. Еліміздің ең мықты балуандары бозкілемде белдесіп, жанкүйерлерге тартысты сәттер сыйлайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі