22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Қазақстан Барысы – 2023» республикалық турнирінің ширек финалы аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекеге толы болған сында жартылай финалға 4 балуан өтті. Оның ішінде Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы, 155 кг ), Мұхтар Дәлелханұлы (Павлодар облысы, 115 кг), Марат Байкамуров (Әскер барысы, 106 кг), Ғалымжан Қырықбай (Әскер барысы, 145 кг) сынды төрт үздік бар.
Елордада Астана күніне орай қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі өтіп жатыр. Жарысқа өңірлерде іріктеу кезеңдерінен өтіп, «Қазақстан барысы – 2023» финалына жолдама алған мықты палуандар қатысады. Қазақ күресінен республикалық турнир 2011 жылдан бері тұрақты негізде ұйымдастырылып келе жатқаны баршаға белгілі.
Сондай-ақ, айтулы сынға еліміздің әр өңірінен екі спортшыдан қатысады. Олар абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Биыл қатысушылардың жалпы саны 41 палуанды құрады. Әр облыстан екі спортшыдан, одан бөлек, «Әскер Барысы» күш құрылымдары арасындағы турнирдің және өткен жылғы іріктеудің жеңімпаздары бақ сынайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев