Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Бакуде дзюдюдан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірбайжан астанасындағы турнирде бүгін 73 келіде Ислам Тоқтасын мен Аңсарбек Ғайнуллин және 81 келіде Мейіржан Жұмабек күрескен еді. Алайда Аңсарбек алғашқы айналымда әзірбайжандық балуанға есе жіберсе, қалған екеуі ширек финалға дейін жетіп, нәтиэесінде 7-ші орынға тұрақтады.
Ислам Тоқтасын бірінші белдесуде аустралиялық спортшыны жеңсе, екінші айналымда неміс балуанынан айқын басым түсті. Алайда ширек финалда әзірбайжандық балуанға есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бірақ Грузия балуанымен күресте ол айласын асыра алмай, турнирді жүлдесіз аяқтады.
81 келіде Мейіржан Жұмабек Молдова, Чехия балуанын ұтқанына қарамастан, ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековтен мықты екенін көрсете алмады.
Кеше 60, 66 келіде күрескен Қазақстан құрамасының 4 балуаны жүлдеден тыс қалды. Ерте 90, -100, +100 келіде отандық татами шеберлері белдесуге шығады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді