12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕліміздің су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған.
Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.
Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер