12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік2025 жылғы Дүниежүзілік бақыт туралы есепке сәйкес, Қазақстан Азиядағы ең бақытты елдер үштігіне еніп, Оңтүстік Корея мен Қытайды артта қалдырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
TEMPO.CO басылымының жазуынша, әлемнің 147 елінің соңғы рейтингі ұсынылды. Gallup халықаралық сауалнамасының деректеріне сүйенген бұл терең зерттеу адамның өмірін шынымен мәнді ететін факторларды қарастырады.
Зерттеуде әр елдің әл-ауқаты алты негізгі көрсеткіш бойынша бағаланды: жан басына шаққандағы ЖІӨ, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі, жомарттық және жемқорлықты қабылдау деңгейі.
Жан-жақты талдаудан кейін Дүниежүзілік бақыт туралы есепте 2025 жылғы Азиядағы ең бақытты 10 ел анықталды. Бұл тізімде Қазақстан үздік үштікке енсе, аспан асты елі Қытай 10-орыннан көрінген. Атап айтқанда:
1. Тайвань
2. Сингапур
3. Қазақстан
4. Вьетнам
5. Таиланд
6. Жапония
7. Филиппин
8. Оңтүстік Корея
9. Малайзия
10. Қытай
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер