Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисшісі Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады. Бұл туралы ұлттық құраманың Астанадағы қорытынды оқу-жаттығу жиынында айтылды.
«Бұл – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік»
Елдос Сметов ел намысын арқалап, көк туды ұстап шығу өзі үшін ерекше тарихи сәт екенін атап өтті.
Бүгін мен үшін тарихи күн. ХХ жазғы Азия ойындарында көк туды ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып отыр. Мұндай мүмкіндік маған алғаш рет берілді. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Себебі оның артында үлкен жауапкершілік, ел мен мемлекеттің сенімі тұр. Азия ойындарында бар күшімді салуға уәде беремін, – деді Олимпиада чемпионы.
Алтын медаль үшін 50 мың доллар төленуі мүмкін
Жиын барысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақыны көбейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен спортшыларды қосымша ынталандыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірлерге тиісті тапсырмалар берілген.
Қазір бұл норманы заңнамалық тұрғыда енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін спортшылар 5, 10 немесе 15 мың доллар көлемінде сыйақы алса, енді алтын медаль үшін 50 мың доллар төлеуді жоспарлап отырмыз. Алайда биылғы Азия ойындарындағы төлемдер бюджеттен тыс қаражат есебінен беріледі. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр, – деді министр.
Ербол Мырзабосынов Азия ойындарындағы алтын медальдың бағасы жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, құрлықтық додада мықты спорт державалары бақ сынайтындықтан, чемпион атану оңай емес.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды