Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан делегациясы Әзербайжанда өтіп жатқан ЭЫҰ апталығы аясындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Форумға ұйымға мүше тоғыз елден келген делегаттар қатысуда. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЭЫҰ лауазымды тұлғалары мен сарапшылар бар.
Іс-шара барысында экономикалық және сауда ынтымақтастығы, жастар кәсіпкерлігі мен цифрлық экономика, тұрақты даму, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның ЭЫҰ аймағындағы рөлі талқылануда.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, халықаралық кездесудің басты мақсаты — жас көшбасшылардың өңірлік маңызды мәселелер мен шешім қабылдау үдерістерімен танысуы, мүше мемлекеттер жастары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және өзара ой алмасу, сондай-ақ тарихи және мәдени байланыстарды нығайту.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді