Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Соған қарамастан еліміздің атын шығарып жүрген легионерлердің қос азаматтығы болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер осы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтан сұрады. Оның айтуынша, бұл заңмен қудаланады.
Конституцияның 10-бабына сәйкес елімізде қос азаматтық мойындалмайды. Азаматтық алудың ережесінде жеңілдетілген ереже бойынша азаматтық ала алатын мамандықтар бар. Спортшылар да соның ішіне кіреді. Олар Қазақстанда 5 жыл тұрмай-ақ Қазақстан азаматтығын ала алады. Ел абыройын асқақтату маңызды. Әрі мұндай тәжірибе бізде ғана емес, бүкіл әлемде бар. Хоккейшілерге келетін болсақ, біздің азаматтықты алғаннан кейін олар өзі бұған дейін азаматы болған елдің азаматтығынан шығуы тиіс. Қазақстан азаматтығын қоса алған үш хоккейшіге қатысты іспен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Біз министрліктен жазбаша жауап беруін сұрадық, - деді ол.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?