Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан азаматтары визасыз жүре алатын елдердің тізімі жыл сайын артып келеді. 2024 жыл Қазақстан Макао, Вьетнам және Таиландпен визасыз келісімдер жасап, енді бұл елдерде визасыз жүру мерзімі 60 күнге дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ қаңтар айында Қазақстан Сент-Китс және Невиспен визасыз келісімге қол қойды. Ол қазақстандық ұлттық төлқұжат иелеріне виза талап етпейтін 40-шы ел болды. Алайда ол әлі күшіне енген жоқ.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Мароккомен визасыз режим басталады. Бұл қазақстандықтардың елде 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар мына елдерге 14 күнге дейін визасыз бара алады:
Гонконг;
Оман;
Иран;
Макао.
Қазақстан азаматтары мына елде 30 күн визасыз жүре алады:
Аргентина;
Әзербайжан;
Бразилия;
Вьетнам;
Доминикан Республикасы;
Қатар;
Қытай;
Оңтүстік Корея (Korea Electronic Travel Authorization (K-ETA) жүйесі 01.04.2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді);
Куба;
Малайзия (кіру үшін MDAC электрондық көші-қон картасы қажет, оны кіруге дейін 3 күн бұрын толтыруға болады);
Мальдив Республикасы;
Никарагуа;
Намибия;
БАӘ;
Сан-Марино;
Сейшель аралдары;
Сербия;
Тунис;
Филиппин;
Эквадор.
Барбадос елінде визасыз тұрудың максималды ұзақтығы 28 күнге дейін екенін ескеріңіз.
Сондай-ақ қазақстандықтар бірнеше елге 60 күнге дейін визасыз бара алады:
Таиланд – визасыз режимнің мерзімі ұзартылды;
Доминикан Республикасы – «визасыз»тек туристік мақсаттар үшін жарамды.
90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарлар үшін мыналар қолайлы:
Албания;
Андорра;
Гаити;
Колумбия;
Молдова;
Моңғолия;
Ресей;
Түркия;
Украина.
Дегенмен Қазақстан азаматтарының Түркияда жүруі алты ай ішінде 90 күннен аспауы керек екенін есте ұстаған жөн.
Визасыз жүру ұзақтығы бойынша жетекші елдер:
Грузия – бір жылға дейін;
Армения – алты айға дейін;
Сент-Винсент және Гренадин аралдары – алты айға дейін
Сондай-ақ келген соң виза алуға болатын бірнеше ел бар:
Замбия;
Индонезия;
Маврикий.
Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан сияқты ТМД елдерінде 30 күн болғаннан кейін көші-қон органдарында тіркелу қажет.
Өзбекстанда мұндай тіркеу 5 күннен кейін қажет болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?