6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің белсенді қатысуымен Ауғанстанның Герат провинциясына қазақстандық арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарын қамтитын ірі гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық гуманитарлық жүкті Ауғанстандағы Табиғи апаттардың салдарымен күрес жөніндегі штабтың өкілдері, атап айтқанда Азаматтық әуежайлардың бас директоры Гарвал Абдул Саттар қабылдады.
Сонымен қатар 10 қазанда Герат провинциясына 45 адамнан тұратын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару тобы келіп, қазіргі таңда Наиброфи елді мекенінде (Герат қаласынан 50 шақырым жерде) құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Жақын арада зардап шеккен ауған халқына темір жол көлігімен «Хайратон» станциясына (Ауғанстанның Балх провинциясы) кезекті ірі гуманитарлық жүкті жіберу күтілуде.
Герат провинциясының губернаторы шейх Нұр Ахмад Ислам Джар ауған халқы атынан қазақстандық тарапқа тұрақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі