Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің оқу-материалдық базасын белсенді дамытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәдліметінше, жыл соңына дейін жаңа тренажерлерді жеткізу және жерүсті оқу-жаттығу жабдықтарын жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Техниканы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл әскерлерге 500-ден астам жаңа техника, соның ішінде «Арлан» және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары, SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешені және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелері келіп түсті. Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ ANKA пилотсыз ауыр класты кешенді тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілуде. А400М бірінші ауыр жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақ жеткізіледі деп күтілуде, - делінген мәліметте.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар