Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның әскери медицинасы 1992 жылы Қарулы күштердің Әскери-медициналық басқармасының құрылуымен басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі таңда бұл сала 8 госпитальды, 4 лазаретті және көптеген медициналық пункттерді қамтитын кең құрылымға айналды. 2023 жылдың өзінде ғана 10 мыңнан астам пациент әскери медициналық мекемелерде ем алды. Салада оңалту және жаңа нысандар ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің клиникалық госпиталінде оңалту бөлімшесі ашылса, Ақтауда әскери теңізшілерге арналған госпиталь салу, Алматыда әскери медицина академиясын құру жоспарлануда.
Әскери дәрігерлер халықаралық деңгейде де тәжірибе жинақтауда. Мысалы, олар БҰҰ миссиясы аясында Голан биіктіктерінде бітімгерлер мен жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуде. Сонымен қатар, олар оқу-жаттығулар мен жұмылдыру жиындарына қатысып, медициналық сүйемелдеу мен санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Covid-19 пандемиясы кезінде әскери медицина қызметі инфекциялық изоляторлар мен зертханалар арқылы маңызды рөл атқарды. Былтыр су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда да әскери дәрігерлер жедел көмек көрсетті.
2024 жылы әскери дәрігерлерге азаматтық клиникаларда тәжірибе алмасу мүмкіндігі беріліп, олардың жалақысы азаматтық сала деңгейіне дейін көтерілді. Көзге көп көрінбейтінімен, әскери дәрігердің еңбегі – ел қауіпсіздігі мен азаматтардың амандығы жолындағы маңызды қызмет. Олар кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын, кәсіби әрі жауапты мамандар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?