7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушыны ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.
- Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
37 факті – есірткі заттары;
92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
357 факті – жанар-жағармай материалдары; 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
Заңсыз балық аулар құралдары алынды:
41 дана – жүзу құралдары;
118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?