Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАлғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы – СҚО-дағы EMC Agro компаниясы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.
Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.
Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.
Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі, - дейді компания өкілдері.
Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Осыған байланысты компания ҚХР-ның Бас кеден басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады