Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанада Экология күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында флешмоб өтті. Іс-шара «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Андорра ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матчтың үзілісінде өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экологиялық мәдениеттің маңызын жеткізіп, табиғатты қорғауды насихаттау үшін флешмобқа 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында студенттер, волонтерлер мен белсенділер бар. Жастар мыңдаған көрерменнің алдында әсерлі қойылым ұсынды.
Димаш Құдайбергеннің «Tau Ishinde» әніне жастар хореографиялық номер орындап, қойылым соңында «Таза Қазақстан» деп жазылған көрініс шықты.
Сонымен қатар трибунада дәл осындай мәтінмен 10x15 метрлік алып ту жайылды. Экологиялық бастаманы қолдаған жанкүйерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерді.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді