Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстан құрамасы Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы сурдо футзалдан Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ел құрамасы алғаш рет құрлық чемпионы атанып, 2027 жылы Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарының жолдамасын иеленді.
26 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылған дүбірлі дода Азиядағы сурдо футзал тарихындағы тұңғыш чемпионат болды. Турнирді Азия саңыраулар футбол федерациясы (ADFF) ұйымдастырып, оған алты мемлекеттің ұлттық құрамалары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Оман командалары чемпиондық атақ пен Сурдлимпиада жолдамасы үшін бақ сынады.
Чемпионат айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Қазақстан құрамасы жарыс барысында Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Оман және Өзбекстан құрамаларын жеңіп, шешуші кездесуде Бахрейнді 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ұлттық құрама барлық қарсыласынан басым түсіп, Азияның жаңа чемпионы атанды.
Жарыс қорытындысында үздік үштік төмендегідей қалыптасты:
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Әмреновтің айтуынша, бұл – Қазақстан сурдо футзал құрамасының тарихындағы ең ірі жетістік.
Біздің командамыз тарихта алғаш рет Азия чемпионы атанды. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 2027 жылғы 15–24 қаңтар аралығында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар, қақпашы Ислам Курбанов “Үздік қақпашы” атанды» – деді Арман Әмренов.
Жеке марапаттар қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы Ислам Курбановтың «Үздік қақпашы» атануы да ел құрамасының табысын еселей түсті.
Бұл чемпионаттың тағы бір ерекшелігі – оның Азия құрлығындағы сурдо футзалдан ұйымдастырылған алғашқы ресми чемпионат болуы. Бұған дейін есту қабілеті зақымданған спортшылар Азия деңгейінде негізінен Азия-Тынық мұхиты ойындары мен басқа да кешенді жарыстарда бақ сынаған еді. Ал Бішкектегі турнир сурдо футзалдың құрлықтағы дамуына жаңа серпін беретін тарихи дода ретінде бағаланды.
Қазақстан құрамасының бұл жеңісі елдегі сурдо спорттың даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, халықаралық аренадағы беделін де арттырды. Енді ұлттық құрама келесі жылдың қаңтарында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарында Азия чемпионы ретінде бақ сынайды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды