Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан әлемнің ең қуатты суперкомпьютерлері картасына ресми түрде енді. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жарияланған TOP-500 рейтингінде Қазақстан тарихта алғаш рет өз орнына ие болды.
НИТ ҰАҚ АҚ (AI және цифрлық даму министрлігі) басқаруындағы суперкомпьютер әлемдік ТОП-100-ге кіріп, 86-орын алды. «Қазақтелеком» АҚ суперкомпьютері 103-орында, - деп жазды министр.
Ведомство басшысының сөзінше, бұл есептеу қуаттары енді зерттеу орталықтарына, университеттерге, IT компаниялар мен стартаптарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ашық әрі қолжетімді болады.
Бұл – еліміздің цифрлық егемендігі мен AI-инфрақұрылымының дамуы үшін тарихи қадам.
Құтты болсын, Қазақстан! – деді ол.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс