Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліӘлемдегі ең беделді технологиялық жоғарғы оқу орындарының бірі – Massachusetts Institute of Technology (MIT) Қазақстанда филиал ашуы ықтимал. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта MIT өкілдерімен алғашқы келіссөздер басталып кеткен.
Неге әлемдегі ең мықты жоғары оқу орындары бізге бет бұра бастады? Себебі қазіргі таңда АҚШ-та жоғары білім саласының жағдайы қиын. Президент әкімшілігі ірі университеттердің қаржыландыруын қатты шектеп отыр. Гарвард, Колумбия секілді жетекші университеттердің өзі күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сол себепті алдыңғы қатарлы білім ордалары жаңа мүмкіндіктер іздеп, біртіндеп біздің нарыққа назар аудара бастады, – деді министр.
Министр президент жасанды интеллект университетін ашу жөнінде тапсырма бергенін, дәл осы оқу орны MIT-пен серіктестік негізінде құрылуы ықтимал екенін жеткізді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс