12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан шағын модульді реактор шығаратын АҚШ-тың NuScale компаниясының ұсынысын қосымша қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ҚазАтомЭкспо» халықаралық ядролық энергия көрмесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, қазір АЭС салуға ниетті төрт компания алдын ала квалификациядан өткен.
Қазіргі таңда қосымша NuScale-дің ұсынысын қарастырып жатырмыз. Бұл америкалық технология бойынша шағын модульді реактор шығаратын компания. Нақты шешім референдумнан кейін ғана қабылданады, - деді ол.
Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев компанияға қойылатын талаптардың қатарында реактордың қауіпсіздігі, 3+ реактордың болуы, жұмыс істеген сағат саны, шетелде жұмыс істеу тәжірибесі, электр энергиясының бағасы бар екенін атап өтті.
Әзірге тек бір АЭС-тың құрылысы бойынша айтып отырмыз. Алайда Қазақстан аумағын қарап, көміртегі бейтараптығы туралы айтсақ, онда келешекте, яғни 2040 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізгіміз келсе, атом энергетикасына балама болмайды. Елімізде атом электр станциясын салуға келетін екі алаң белгіленді. Бірі Балқашта, ал екіншісі Курчатовта, - деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев қазір шағын модульді реакторлардың технологиясы дамып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, АЭС салуда қауіпсіздік маңызды рөл атқарады. Оны жобалау, құрылыс, эксплуатация сынды әр қадамы жіті бақыланады.
Айта кетейік, қазіргі таңда 4 әлеуетті жеткізуші шорт-тізімге енді. Оның қатарында Сhina National Nucler Corporation, Korea Hydro & Nuclear Power Co, Électricité de France, «Росатом» МК компаниясы бар.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер