18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстан 2026 жылы фиджитал тұжырымдамаға негізделген халықаралық көпспортты турнир – Games of the Future жарысын өткізуге дайындалуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл спорттық іс-шара физикалық және цифрлық элементтерді біріктіретін жарыстарды қамтиды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, турнирге 100-ден астам елден қатысушылар келіп, жанкүйерлердің де ағыны күтілуде.
Қазақстан ірі халықаралық іс-шараларды өткізу тәжірибесіне ие, сондықтан турнирдің жоғары деңгейде өтетініне сенеміз, – деді ұйымдастыру дирекциясының басшысы Әлібек Хасенов «World Phygital Summit 2025» барысында.
Фиджитал спорт бүгінде әлем бойынша қарқынды дамып келеді. World Phygital Community (WPC) қауымдастығына 100-ге жуық елдің өкілдері мүше. Олар өз елдерінде іріктеу турнирлерін өткізіп, үздік спортшыларды «Games of the Future» турниріне жібереді.
2024 жылы бұл турнир Қазан қаласында өткен. Ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, турнирді келесі жолы Қазақстанда өткізу бастамасын көтерген. 21 инновациялық спорт түрінен өткен жарысқа 2000-ға жуық спортшы қатысып, жалпы жүлде қоры 10 млн долларды құраған. Қазақстандық спортшылар 13 дисциплинада өнер көрсетті.
Келесі Games of the Future 2025 турнирі желтоқсанда Абу-Дабиде өтеді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр