Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ғаждембек Тұрсынов Қазақстан халықаралық олимпиада өткізуге ұсыным бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл халықаралық беделді олимпиадаларда 23 қазақстандық оқушы жүлделі орындар алып (2 алтын, 11 күміс, 10 қола), еліміздің көк байрағын биікке көтерді.
Қазақстандық оқушылардың осындай жоғары жетістіктерін ескере отырып, 2024 жылы биологиядан ең беделді Халықаралық олимпиаданы Астана қаласында өткізу жөнінде Халықаралық ұйымдастыру комитеті шешім қабылдады. Оған әлемнің 80 елінен 330-ға жуық үздік жас биологтардың қатысуы күтілуде. Әлбетте, мұндай шараны өткізу – еліміздің оқу-ағарту саласы үшін үлкен мәртебе және жетістік. Атап айтатын болсақ, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен биологиядан халықаралық олимпиадаға қазақстандық 4 оқушы қатысып, 2 күміс, 2 қола медаль иеленіп, 100 пайыз сапаны көрсетті.
Айта кетейік, алтын медаль иегеріне – 1500 АЕК, күміс медель иегеріне – 1000 АЕК, қола медаль иегеріне – 500 АЕК мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйлық, сонымен қатар оларды дайындаған педагогтерге 150 мыңнан 500 мыңға дейін сыйақы беріледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?