22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделника Sport.ru порталына сұхбат беріп, қазақ тілін меңгергісі келетінін мәлімдеді. Оған қоса спортшы болашақта қазақша сұхбат бергісі келеді.
Самоделкина тіл үйрену арқылы қазақ еліне құрмет көрсеткісі келетінін түсіндірді.
– Қазақ тілін үйренгім келеді. Бұған дейін де талпынып көрдім, бірақ ол кезде мұғалім болмады. Өз бетімше үйрену қиынға соқты. Қазір көбіне ағылшын тілді ортада жүрген соң, екі тілді қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен, Қазақстанға келген сайын қазақша оңай сөздерді айтуға тырысамын: амандасу, алғыс айту, тұрмыстық сұрақтар қою. Кейде адамдар маған толық қазақша жауап беріп жатады. Сонда тілді әлі үйреніп жатқанымды айтып, кешірім сұрауға тура келеді, – деп айтты Софья Sport.ru порталына берген сұхбатында.
Софья Самоделкина қазақ тілін тез меңгеріп кететініне сенімді.
– Қазақ тілін үйрену жоспарымда бар. Жақсы ұстаз тапсап, тілді тез меңгеремін деп ойлаймын. Қазақша ең болмаса, базалық деңгейде сөйлегім келеді. Бұл – елге деген құрмет әрі бір күні жарыстан кейін қазақ тілінде сұхбат беру мен үшін үлкен қуаныш болар еді, – деп ағынан жарылды спортшы.
Мәнерлеп сырғанаушы 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алды. 2024 жылдан бері ел намысын қорғап жүр. Самоделкина 2025 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль алды. Миландағы қысқы Олимпиадада үздік ондыққа кіріп, Қазақстан мәнерлеп сырғанау (әйелдер) тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев