Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҚазақстан мектептерінде оқушыларға ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін арнайы үйрету ұсынылды. Құрылтай депутаты Ерлан Саиров бұл дәстүрді мектептегі тәрбие жұмысына енгізуді ұсынса, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова амандасу мәдениеті бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.
Депутат Құрылтай отырысында бұл бастаманы ұлттық құндылықтар негізінде мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру міндетімен байланыстырды.
Мемлекет басшысының ұлттық құндылықтарға сәйкес амандасу мәдениетін дамыту мәселесін көтеруі де осы саясаттың нақты көрінісі, – деді Ерлан Саиров.
Қазақ қоғамындағы амандасу дәстүрі
Депутаттың айтуынша, қазақ қоғамында амандасудың өзіндік қалыптасқан тәртібі болған. Ол үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және туыстық байланысты сақтау сияқты құндылықтармен тығыз байланысты.
Біздің қоғамда да қалыптасқан өзіндік амандасу жүйесі болған. Бұл дәстүрлердің негізінде үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, туыстар арасындағы байланысты сақтау сияқты құндылықтар жатыр. Қазақша амандасудың басты ерекшелігі – ұстамдылық, – деді депутат.
Қазақ халқының дәстүрлі қарым-қатынасында амандасу адамның жасына, әлеуметтік мәртебесіне және туыстық жақындығына қарай ерекшеленген. Мәселен, жасы кіші адамның үлкенге бірінші болып сәлем беруі, үлкендердің батасын алуы, туыстардың жөн сұрасуы – әдептің маңызды белгілері.
Амандасу тек сәлемдесумен шектелмейді. Ол адамның айналасындағыларға деген құрметін, тәрбиесін және қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін де көрсетеді.
Амандасу мәдениетін мектепте қалай үйретпек?
Ерлан Саиров мектептерде амандасу мәдениетін әлеуметтік норма ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл бастама бір реттік іс-шарамен шектелмей, күнделікті тәрбие жұмысының бір бөлігіне айналуы керек.
Осы мақсатта депутат бірнеше тетікті қарастыруды ұсынды:
Депутат мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру жүйелерімен бірлесіп, ұлттық әдеп нормаларын қазіргі тәрбие жұмысының мазмұнына енгізу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін де айтты.
Бұл бастама қалай жүзеге асуы мүмкін?
Әзірге сөз депутаттың ұсынысы туралы болып отыр. Оны іске асырудың нақты тәртібі, оқушыларға арналған сабақтардың мазмұны мен әдістемелік ұсынымдардың талаптары бекітілгені жөнінде ақпарат берілген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та амандасу мәдениеті мәселесіне назар аударған еді. Мемлекет басшысы ер адамдардың бір-бірімен қолды нық қысып амандасуы керектігін айтып, кездескен кезде орынсыз құшақтасып, сүйісуді сынаған болатын.
Осыдан кейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалға берген жауабында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері қатысатын жұмыс тобын құрғанын хабарлады.
Сондай-ақ құжатты депутаттармен қосымша талқылау көзделген, – деді министр.
Министрдің мәліметінше, амандасу мәдениеті бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу кезінде білім беру процесіне қатысушылардың, мүдделі тараптар мен мемлекеттік органдардың пікірлері ескеріледі.
Демек, ұлттық амандасу дәстүрін мектеп тәрбиесіне енгізу мәселесі қазір ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу кезеңінде талқыланып жатыр. Оның білім беру ұйымдарында нақты қалай жүзеге асатыны кейінгі шешімдерге байланысты болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы амандасу мәдениетіне қатысты пікір білдірген еді.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?