Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, Ұлытау облысында орналасқан «Қазақмыс» кенішіндегі төтенше жағдайдың себептері алдағы 10 күн ішінде анықталатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда шахтадағы барлық жұмыс процесі уақытша тоқтатылды. Тиісті тексерістер жүргізу және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі комиссия құрылды. Бірінші комиссия – орын алған апаттың себептерін анықтаумен айналысады. Екінші комиссия – өндірістік қауіпсіздік техникасының сақталу деңгейін зерттейді.
Қос комиссия да өз жұмыстарының нәтижелерін 10 күн ішінде ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізу де жоспарланып отыр, - деді ол.
«Қазақмыс» компаниясының өкілдері және мемлекеттік органдар бұл мәселені ерекше бақылауға алып, өндірістегі қауіпсіздік стандарттарының толық сақталуын қамтамасыз етуге ниетті.
Бұл оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер қосымша хабарланатын болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?