7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы және еліміздің Республика күнін мерекелеу аясында Мадрид қаласының ең танымал концерттік залдарының бірінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі – еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі. Ансамбль музыканттары тыңдаушыларды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, саз сырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және басқа да халық музыкалық аспаптарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Нұркен Яқияев.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Мадридте өткен концертте ансамбль жиналған қауым назарына ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Рухани кеш қаладағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?