6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерНаурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Париждегі (Франция) ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің шақыруымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйым әртістері Парижде өнер көрсетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, еліміздің мәдениетін «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі, жетігенші Әйгерім Елемес таныстырды.
19 наурызда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістан сияқты 12 ел өкілдерінің қатысуымен Наурыз мейрамы өтті. Мерекелік іс-шарада Әйгерім Елемес пен Перизат Тұрарова М.Ержановтың «Сайра, бұлбұл», Н.Тілендиевтің «Аққу» және Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармаларын орындады, - делінген мәліметте.
Іс-шараға Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті, ЮНЕСКО жанындағы түркі тілдес елдердің тұрақты өкілдері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бас хатшылары қатысты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі