12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Saz&Soul» тобы Хьюстондағы Warehouse LIVE сахнасында жеке концерт қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы танымал халық әндерін, заманауи қазақ музыкасын, күйлерін түрлі стилистикада орындады. Бағдарламада авторлық әндер мен аспаптық шығармалар да болды.
Концерттің ерекше тұсы қазақстандық композитор Тілес Қажығалиевтің 75 жылдығына орай «Saz&Soul-дың» жаңа аранжировкада өңделген «Мәңгілік махаббат» композициясының орындалуы болды.
«Saz&Soul» тобының шығармашылығы қазақ халық әндері мен авторлық шығармаларға негізделген. Олардың репертуарынан академиялық музыка, джаз, поп, самба, румба және техно-электронды музыка сияқты түрлі жанрлар мен стильдерді тыңдауға болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер