28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл мәлімдеме Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Аталған нысан әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде, оны сату немесе жекешелендіру туралы ресми дерек жоқ.
Ведомствоның хабарлауынша, әр азамат өз пікірін білдіруге құқылы, алайда жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, соның ішінде мәдениеттанушы Ерлан Төлеутайдың жазбаларында да шындыққа жанаспайтын мәліметтер жарияланған. Министрлік мұндай ақпарат қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік тудыруы мүмкін екенін ескертті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?