6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТілшілер мәдениет және ақпарат министрі Аида балаевадан «Қазақфильм» жабылуы мүмкін бе?» деп сұрады.
Оның сөзінше, бұл тарихи нысанды сақтап, оны дамыту бүгінгі ұрпақтың міндеті. Дегенмен ол Мәдениет министрлігінің «Қазақфильмді» тікелей қаржыландыруға құқықтық негізі жоқтығын, сондықтан мұны өзгертуге ниетті екенін айтты.
«Қазақфильм» жабылмайды, тек қазіргі жағдайы өте күрделі екенін мойындаймыз. Қаржыландыру жоқ кезде, даму туралы сөз қозғай алмайсың. Бос тұрған кеңселер мен құрылғыларды жалға беру арқылы түсіп жатқан қаражат сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің айлығына жұмсалады,- деді министр.
Естеріңізде болса, бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Қазақфильмнің» күрделі жағдайын атап өтіп, оны жабу туралы да сөз қозғаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі