Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қазақфильм» жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 13 сериядан тұратын «Тоқаш пен Бақаш» анимациялық жобасын аяқтады. Жоба биыл көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен қысқаметражды «Үміт әрдайым жанымызда» және толықметражды «Алтын Адам» анимациялық фильмдері жарыққа шығады.
2024 жылы қазақ анимациясының классикалық туындылары «Ақсақ құлан», «Ақыл мен байлық», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» заманауи форматта жаңартылды.
Сонымен қатар, Голливуд студиялары қазақ тілінде дубляждалған «Ойжұмбақ 2», «Мен жексұрын 4», «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» және «Жабайы робот» фильмдерін кең прокатқа шығарды.
«Кинопоиск» платформасы «Гарфилд» анимациялық фильмін, ал «Bee TV» «Да Винчидің таңғажайып оқиғаларын» қазақ тіліне аударып, онлайн көрсетілімге ұсынды.
Биыл «Қазақанимация» аясында 10 жаңа анимациялық жоба мен «Жібек», «Команда А. Миссия Айка» фильмдерінің түсірілімі аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қазақ киносының алтын қорындағы «Ақ бота» фильмі реставрациядан өтіп, жаңартылмақ.
Мемлекеттік қолдауға ие болатын жаңа анимациялық фильмдер ұлттық құндылықтар, ата-анаға құрмет, қазақ ертегілері, достық және спорт тақырыптарына арналады.
Қазақ анимациясын дамыту мақсатында 2025 жылдан бастап арнайы стратегия әзірленіп, оны жетілдіру жұмыстары жалғасын табады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар