Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады5 шілдеде АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен AAU ұлттық таэквондо чемпионатында қазақ спортшысы Рахым Әділханов +87 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Аталған додада 1000-нан астам спортшы бақ сынады.
Рахым жарыс барысында 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Оның техникалық шеберлігі мен төзімділігі көрермендер мен төрешілерді тәнті етті.
Жетістігінің арқасында ол AAU Taekwondo ұлттық құрамасына қабылданып, енді АҚШ атынан халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Бұл – спортшы үшін үлкен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қазақ таэквондосының әлемге танылуына жол ашатын айтулы қадам.
Спортшыға бірнеше беделді америкалық командалардан ұсыныс түскен. Соның ішінде ол Tae Ryong Taekwondo Team командасымен келісімшартқа отырды. Бұл команда – АҚШ-тағы ең танымал таэквондо мектептерінің бірі.
«Мен Қазақстандағы спорттық карьерамды аяқтаған соң Америкаға қоныс аудардым. Қазір Лос-Анджелесте таэквондо бапкері болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар танымалдылық жинау үшін түрлі жарыстарға қатысып жүрмін. Мақсатым – Америкада үлкен тәжірибе жинап, болашақта өз таэквондо мектебімді ашу. Бірақ басты арманым – қай жерде жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ұмытпай, Қазақстанның атын әлемге таныту. Елдің абыройын көтеру – мен үшін үлкен міндет», – дейді спортшы.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары