7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – қазақ музыка өнерінің қара шаңырағы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 жылдық тарихында консерватория ұлттық және әлемдік музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан дарынды музыканттар, композиторлар мен педагогтардың ордасына айналды.
Бұл деректі фильмде консерваторияның қалыптасу жолы, оның танымал түлектері, дәстүрлері мен музыка өнерін дамытудағы рөлі баяндалады.
80 жыл ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көптеген танымал музыканттарды тәрбиеледі.
Олардың қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Алан Бүрібаев, Абзал Мұхитдинов, Нұржамал Үсенбаева, Медет Чотабаев және Александр Зацепин сияқты атақты түлектер бар.
Консерваторияның 80 жылдық мерейтойына орай 30-дан астам іс-шараны қамтыған ауқымды марафон ұйымдастырылды. 3 желтоқсан күні Республика Сарайында мерекелік гала-концерт өтті. Ал 20 желтоқсанда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында мерейтойлық салтанатты шараның гранд-финалы болады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?