23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Милан музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи (Италия) «Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, маэстро Деметрио Колачи — әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді.
Алматыда өткен шеберлік сабағы академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға арналған. Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды, - делінген мәліметте.
Кездесу маэстроның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Бұл 2024 жылдың мамыр айында вокалдық өнер кафедрасының студенттерімен өткізілген екі күндік интенсивті сабақтардан басталған болатын. Деметрио Колачидің сабақтарына қатысқан студенттер мен оқытушылар оның кәсібилігі мен педагогикалық әдістеріне таңданушылықпен жоғары баға берді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады