28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Милан музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи (Италия) «Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маэстро Деметрио Колачи — әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді. Алматыда өткен шеберлік сабағы академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға арналған. Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.
Кездесу маэстроның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Бұл 2024 жылдың мамыр айында вокалдық өнер кафедрасының студенттерімен өткізілген екі күндік интенсивті сабақтардан басталған болатын. Деметрио Колачидің сабақтарына қатысқан студенттер мен оқытушылар оның кәсібилігі мен педагогикалық әдістеріне таңданушылықпен жоғары баға берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?