7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бүгін, 13 қаңтар, қазақ өнерінің қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Театр 1926 жылы Қ. Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасымен шымылдығын ашты.
Ұлт театры тарихының бастауы болған «Алтын сақина» пьесасы – қазақ драматургиясындағы алғашқы реалистік туындылардың бірі. Шығармада қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің құқықсыздығы, ескі салт-дәстүрлердің зардаптары суреттеледі.
2024 жыл театр үшін маңызды оқиғаларға толы болды:
- 16 қыркүйек театр өзінің 99-шы маусымын Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклімен бастады.
- 9-14 қазанда Қостанай қаласында гастрольдік сапар ұйымдастырылды.
- Театр алғаш рет Өзбекстанның Ташкент және Нүкіс қалаларында өнер көрсетті.
- 4-7 желтоқсанда Бішкек қаласында «Қыз Жібек», «Қоштасқым келмейді», «Қорқыттың көрі», «Мәңгілік бала бейне» қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен театр ғимараты толығымен қайта жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстарды театрдың 100 жылдық мерейтойына, 2026 жылға орай аяқтау жоспарланған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?