Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек3 ақпанда қазақ цирк өнерінің көрнекті тұлғасы, ат үсті акробатикасының даңқты шебері, Астаналық цирктің «Сарыарқа жігіттері» ансамблінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қадылбек Тұрсынғалиұлы Кунгужинов өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қадылбек Тұрсынғалиұлы еңбек жолын 1986 жылы бастап, Қазақ мемлекеттік циркінде ұзақ жылдар бойы өнер көрсетті. Ол АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка, Италия, Қытай, Түркия және ТМД елдерінде өнер көрсетіп, қазақ цирк өнерінің даңқын асқақтатты.
Астаналық цирктің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып, алғашқы күннен бастап шығармашылық ұжымның жүрегі, шабыт берушісі болды. Оның жетекшілігіндегі «Сарыарқа жігіттері» ансамблі Халықаралық байқаулар мен фестивальдерде талай мәрте топ жарып, қазақ цирк өнерінің мәртебесін биіктетті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?