30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлімізде «Тіл-Қазына» КЕАҚ-ның IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл инновациялық бот коммуникация саласындағы үлкен жаңалық және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпаратқа тез қол жеткізгісі келетіндер үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әр түрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік туғызады. Осыған орай, пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, оған бірден қазақ тіліндегі мәтінді жіберу арқылы жаңа функционалды қолдана алады.
Ботты Телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады.
Бұл прогрессивті Telegram-бот қазақ тіліндегі ақпаратқа қолжетімділікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол көптеген адамдар үшін пайдалы құралға айналады және цифрлық коммуникациялар дәуірінде қазақ мәдениетінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды