6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін ҚР Парламент Сенатында «Qazaq Oxford Dictionary» сөздігінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы аталған қоғамның құрылып, жұмыс істеп жатқанына 30 жылдан аса уақыт өткенін айтты.
Қазіргі кезде көрнекті және қолға ұстап көретіндей дүние болсын деген оймен Oxford-пен жасалып жатқан сөздікті «Қазақ тілі» қоғамының қанатының астында шыққан бір еңбек ретінде таныстырып жатырмыз. Дүниежүзінде аударма сөздіктер дайындауда әсіресе, өзге тілдерді ағылшын тілімен байланыстыруда ең беделді және тәжірибелі ұйым – Oxford университетінің баспасы. 150 жылдан бері сөздік шығарумен айналысып келе жатыр. Байқасаңыздар, сөздіктің атауын біз ағылшын тілінде қалдырдық. Дүниедегі ең сенімді сөздіктер деген өзінің ұраны бар. Соны алға тартады, – деді Рауан Кенжеханұлы.
Қазір медиа, технология, бизнес саласында жаңа ұғымдар бар. Осылардың барлығы аталмыш сөздікте қамтылған. Жалпы саны – 60 мың сөз. Сөз тіркестерін қоса есептегенде, 1,5 миллионға жетеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі